384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдері баспасөз өкілдеріне түсініктеме берді

  • 460
  • UPD: 20:32, 13.03.2017

«Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдері өткен аптада апатты жағдайда қайта қонған ұшақтар жайында баспасөз өкілдеріне түсініктеме берді.

Естеріңізде болса, компанияның «Алматы-Орал» ұшағының компьютері двигательде ақауы барын анықтап, экпипаж мүшелері Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды. Одан кейін Астана мен Алматыға қатынайтын Аэробус 321-ші ұшағы сол жақ қозғалтқышындағы техникалық ақауларына байланысты Алматы әуежайына қайта қонған еді. Ал үшінші рет Алматыдан Атырауға қатынайтын А321 лайнері діттеген жеріне жете алмады. «Бұл оқиғаның барлығы жүйелі түрде емес, әртүрлі себептермен кездейсоқ болған», - дейді «Эйр Астана» әуе компаниясының техникалық менеджері Ярослав Толстов. Оның айтуынша қазіргі таңда барлық әуе көлігіне тексеру және жөндеу жүргізіліп, ұшуға рұқсат берілген.

Сергей Макаренко, «Эйр Астана» компаниясының аға менеджері:

- Бұл келеңсіз жағдайлардың барлығы кездейсоқтық деп білем. Үш ретте де ұшақтарда техникалық ақаулар болды. Қазір арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде. Апатты жағдайға тап болған үш әуе кемесінде де агрегаттар істен шыққаны белгілі болды, оның барлығы ауыстырылып, қайта тексерілді.

Хабар 24 телеарнасы