388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық дертіне дауа табыла ма?

  • 1122
  • UPD: 20:46, 15.03.2017

Жемқорлық жегі құрт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, Азаматтық бастамашылдық конгресте сөз алғандар әлгі құбылыстың қоғамдағы дерт екенін мойындады.

Енді содан арылу жолын іздеп жатқанын ашық айтты. Агенттік төрағасының орынбасары да, депутаттар да, қоғам қайраткерлері де бүкіл ел болып күреспесек, індет індей береді деді. Конгрестің көтерер жүгі де сол, сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау. Ұсыныстар айтылды, атқарылған жұмыстар жайында есеп берілді. Төзуге болмайтыны ескерілді, қоғам болып күресуге шақырғандар болды. Анда-санда дабыл қағудың өзі немқұрайлылықтан сақтандырады деген уәж естілді. Сөз алған он үш шешеннің есім-сойларын түстеу маңызды емес шығар. «Бәрінің қалауы қоғамды әлгі дерттен емдеу», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Алик Шпекбаев, ҚР МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары:

- Тек қана біздің мемлекеттік органдар ғана емес. Мына қоғам бірігіп, біз осы сыбайлас жемқорлықпен күресуге тиістіміз. Егер де бірге күреспесек, нәтижесі болмайды деп ойлаймын. Мемлекеттік сатып алу. Сіздер білесіздер, ең біріншіден, ағайын-туысқандық бар, мүмкін адамдардың көбісі біледі кім кіммен байланысты, ол басшылардың туысқандары дегендей. Сондықтан ішінде отырып мүмкіндік бар бізге жеткізуге.

Хабар 24 телеарнасы