389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл кәсіпкерлері үшін несие шарты жеңілдетіледі

  • 493
  • UPD: 11:10, 17.03.2017

Ауыл кәсіпкерлері үшін несие шарттары жеңілдетіледі.

Бұл туралы Атырау облысына іссапармен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Бұған дейін кәсібін енді бастаған ауыл кәсіпкерлері үшін басты кедергі кепілдік мүлік болатын. Енді «Казагрогарант» ұйымы ауыл кәсіпкері алған несиенің 85 пайызына кепілдік береді. Егер дәлелді себептермен несие алушы қарызын қайтара алмаса, аталған ұйым оны өз есебінен толтырады. Сондай-ақ несие көлемі 3 млн-нан 18 млн теңгеге дейін өсті. Қайтару мерзімі - 5 жыл. Егер де кәсіпкер мал бордақылаумен айналысатын болса, несие мерзімі 7 жылға дейін ұзартылады. Ауыл тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық несие алудағы қағазбастылық енді екі есеге дейін қысқаратын болады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Осы кредит алуда азаматтардан ұсыныстар келіп түсті. Берілетін құжаттардың түрлерін кеміту жөнінде. Біз қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен осы мәселені шештік. «Агрокорпорацияның» бұрынғы 30 құжатын 15 құжатқа түсірдік. Ол негізгі, ең қажет құжаттар 15-ке дейін, мүмкін одан кем болуы да мүмкін, 15-тің көлемінен артық болмайтын құжаттар тағайындалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы