387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында «Бизнес-кеңесші» жобасына қатысатындар көбейген

  • 587
  • UPD: 14:58, 17.03.2017

Кәсіп бастаймын деген адамға нақты қолдау бар.

Ақтөбе облысында жыл сайын 700 адам «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша семинар-тренингке қатысады. Олардың басым бөлігі бизнес-жоспарын іске асырып, шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасы биылғы жылдың алғашқы тренингін өткізді.

Сарыжар ауылы тұрғындарының дастарханынан буы бұрқыраған ыстық нан үзілмейді. Жеке кәсіпкер Мәзінбике Тасымбетова 10 жылдан бері нан пісіреді. Күн сайын тапсырыс бойынша 200 бөлке пісіріп, ауыл дүкендеріне тапсырады. Кәсіпті өз қаражатымен бастаған. Алдағы уақытта бизнес-байқауларға қатысып, мемлекеттік грант алғысы келеді.

Мәзінбике Тасымбетова, жеке кәсіпкер:

- Ол қаржыға мен жабдықтар алғым келеді. Өзіме жеке көлік алғым келеді. Сосын жұмысымды ары қарай дамытып, жан-жағымда отырған көрші-қолаңға, жастарға үлгі болғым келеді. Жұмысшы алып, жұмысымды үлкейткім келеді.

Ол тек армандаумен отырған жоқ. Бизнес-жоспарын құрып, кәсіпкерлер палатасының қарауына берген. Одан бөлек, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша семинар-тренингке қатысып жүр. Білікті маманның кеңесін тыңдауға бұл жолы 35 адам келген. Көбінің идеясы болғанмен, бастап кетуге тәуекел ете алмай жүргендер. Палата мамандары оларға жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екендерін айтады.

Ержан Асаухан, бизнес кеңесші:

- Арамыздағы байланыс үзілмейді. Олардың кәсіпкерлігі бойынша біз әртүрлі көмек беруге дайынбыз, беріп жатырмыз. Мысалы мына тренингті бітірген кәсіпкерлер біздерге келіп, бізден көмек алып жатыр. Қай жағынан, құқықтық, кедендік сұрақтары, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерия, есеп жағын көмек алып жатыр.

Бизнес-курсты тәмамдаған тыңдаушылардың барлығына оқу материалдары мен сертификаттар табысталады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы