389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Free-DOM Service кооперативі жеңілдікпен баспана алуға мүмкіндік береді

  • 879
  • UPD: 09:34, 18.03.2017

10 пайыз жарна төлеп, қалғанын 30 жылға бөліп тастап, баспаналы болуға мүмкіндік бар.

Free-DOM Service тұрғын үй кооперативі елге осындай жеңілдік ұсынады. Оның тәртібі мынадай – алдымен пәтер құнының 10 пайызын төлейсіз, қалған ақшаны кооператив төлеп береді. Ал сіз кесімді соманы ай сайын кооперативке құйып отырасыз.

Баспана Юрийдің арманы еді. Қолы жетті. Алғашқыда Юрий жиыған-тергенін жарнаға төлеп, несие арқылы үй алмақ болды. Ізденіп жүргенде ғаламтордан Free-DOM Service кооперативінің ұсынысын көзі шалады. Есептейді, ипотекаға өсім төлегеннен бөліп төлеген тиімді. Заңгерлермен кеңесті, ұтылмасына көзі анық жетті.

Юрий Попандопуло, салымшы:

- Аумағы 54 шаршы метр болатын пәтер 15 млн теңге тұрады. Мен тиісті қаражаттың 30 пайызын төледім. 4 ай күттім. Уәделі уақыттан кейін маған хабарласып, пәтерімнің кілтін табыстады. Енді 20 жылда ай сайын 50 мың теңге төлеймін. Әзірге баспана тұрғын үй кооперативінің меншігі. Үйдің құнын өтегеннен кейін баспана менің атыма аударылады.

Мұндай баспанаға қол жеткізу үшін алдымен салымшы үй бағасының 10 пайыздық жарнасын беруі керек. Қаражат кооперативтің табысы саналады. Қалған қажетті сомма кооперативке құйылып, 30 жылға дейін бөліп төлеуге беріледі.

Талғат Байбөлеков, Free-DOM Service басқарма мүшесі:

- Біз келісімшарттың орындалуына заңдық тұрғыдан 100 пайыз кепілдік береміз. Барлық келісімдер қағаз жүзінде жасалады. Заңңа сәйкес рәсімделеді.

Армандаған баспанаңызды еліміздің кез келген өңірінен сатып алуға болады. Бұдан бөлек Free-DOM Service-тің көмегіне жүгініп, тұрмыстық техника алып, тіпті көлік мінуге мүмкіндік бар. Қажет ақпараттар www.free-dom.kz сайтында көрсетілген.

Авторлары: Әсел Ауданбаева, Ирина Камышова, Абдулла Исаев

Хабар 24 телеарнасы