Бес реформа белестері. Кешенді аттестаттау

club-rf.ru

Аттестаттау. Мансаптық модельге көшу. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу. Мұның бәрі тұтас жүйенің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етіп, халыққа көрсетілетін қызметтің жақсаруына сеп болуы тиіс. Бүгінгі күні Қазақстан алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Сол міндеттерді орындауға келгенде мемлекеттік қызметкерлердің білігі мен білімі қандай? Аттестаттау ең алдымен осы сауалға жауап береді. Екіншіден көптеген мамандар конкурс өткізбей жоғары лауазымдарға тағайындалатын болады. Біз бүгін Ұлт жоспарының 15-қадамын талқылаймыз.