383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр еліне түркітілдес халықтардың өкілдері келді

  • 551
  • UPD: 13:58, 23.03.2017

Сыр жұртшылығын әз Наурызбен құттықтап, түркітілдес халықтардың өкілдері келді.

Бауырлас ұлттардың өнерпаздары кеше Қызылорда қаласында өнер көрсетсе, бүгін Шиелі ауданы тұрғындарына ән-жырдан шашу шашты. Теріскейінде қарт Қаратау, түстігінде байырғы Қызылқұм жатқан киелі мекен Шиелінің жұрты түркі мәдениетінің мәйегіне қанықты.

Наурыз – біртұтас мереке, барша түркітілдес халықтардың кеңістік пен уақытты бағдарлау дәстүрінің нәтижесі.

«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Ұлыстың ұлы күні алаштың анасы атанған Сыр елі өнер ұжымдарын құшақ жая қарсы алды.

11 түркітілдес елден келген өнерпаз 41 Еңбек ері, 5 ғасыр адамы шыққан Шиелі жұртын да ән-мен жырға бөледі. Қырғыз, әзірбайжан, өзбек, мажар, румели, алтай халықтарының әуендері шырқалды. Сонымен қатар чуваш, болгар, қалмақ және саха ұлттарының билері сахна көркін келтірді.

Табиғат жаңарып, көктемгі еңбек жанданатын жарқын мерекеде рухани байлыққа қаныққан кенелген шиеліліктер бауырлас ұлттардың өнерпаздарына риясыз қол соқты.

Көңілге шапағат сыйлап, ұлт-пен ұлысты ұйытып, мәдениетін жақындастырған шара қазақтың «Наурыз-думан» әнімен қорытындыланды.

Хабар 24 телеарнасы