389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азияның үздік кардиохирургтары Сеулде бас қосты

  • 702
  • UPD: 07:56, 26.03.2017

Сеулде өтіп жатқан конгресте Азияның үздік кардиохирургтары бас қосты.

Олардың арасында қазақстандық Сейтхан Жошыбаев та бар. Ол – жүрек-қан тамырлары хирургтері қауымдастығының президенті. Дәрігерлер жүрекке операция жасау үшін қолданылатын заманауи техникамен танысты. Бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Сейтхан Жошыбаев, жүрек-қан тамырлары хирургтері Ассоциациясының президенті:

- Токиодан келген Асаки деген профессормен сөйлесіп, бірге жұмыс жүргізетіндей болып келісімге келдік. Белгілі профессор операция түрін жаңадан ойлап тапқан. Басқа ешқандай шеттен шығын шықпайды.

Конгреске қатысушыларды Қазақстандағы тәжірибе қызықтырды. Өйткені жүрекке күрделі операция тегін жасалатын мемлекет әлемде көп емес екен.

Сейтхан Жошыбаев, Жүрек-қан тамырлары хирургтері Ассоциациясының президенті:

- 2007 жылы Президенттің бастауымен алынған бағдарлама «Кардиология мен кардиохирургияны дамыту» деп аталады. Сол үш жылдың ішінде көтеріліп, облыстың барлық орталықтарында кардиохирургия ашылды. Бес жыл өтіп, алтыншы жылға аяқ бастық. Сәтті жүрек алмасуы да болды. Бұның барлығы жер жүзіне белгілі. Биыл қыркүйек айында бізде дүниежүзілік конгресс болады. 

Хабар 24 телеарнасы