386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы лингвистикалық гимназияның оқушылары театр өнерінің қыр-сырын меңгеріп жүр

  • 594
  • UPD: 12:22, 27.03.2017

Балалардың бойындағы әртістік қабілетін шыңдаудың жаңа тәсілі.

Алматыдағы лингвистикалық гимназияның оқушылары өнер шеберлерінің үйретуімен театр өнерінің қыр-сырын меңгеріп жүр. Таяуда жас актерлердің қатысуымен Александр Грибоедовтің «Горе от ума» комедиясы көрермен назарына ұсынылмақ. Алматыдағы №15 гимназияның оқушылары Александр Грибоедовтің «Горе от ума» комедиясының қойылымына ересектер секілді жауапкершілікпен қатысып, өздеріне берілген рольдерді алып шығуға тырысуда.

Рауф Хабибуллин, «Игра» шығармашылық шеберханасының жетекшісі:

- Бұл спектакль-сұхбат. Бүгінгі жас жеткіншектерді театр өнеріне баулығым келеді.

Лермонтов атындағы театр актері Рауф Хабибуллиннің жетекшілігімен қойылымға дайындық кезінде мектептің барлық бағдарламасы театрмен байланыстырылып өткізілді. Мәселен, сурет салу сабағында қаһармандар бейнелері ойластырылса, математикада маталар шығыны есептелінді, ал технология сабағында киімдер мен декорация жасалды.

Бұлбұл Оспанбек, №15 гимназия директоры:

- Балаларды мектепте спектакль қою үшін ұстап отыру қиын. Олардың сахна өнеріне қызығушылығы болғанда ғана қатысады үйірмеге.

Ал ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген ынтасы арта түскен.

Вячеслав Ульченков, 10-сынып оқушысы:

- Мен Грибоедовтің небәрі 1 ғана шығармасын 3 мәрте қайталап оқып шықтым. Пьеса өте қызық болған соң үйірмеге қатысқым келді. Өйткені Грибоедовтің бұл туындысы маған өте ұнады және Чацкийдің өзі де қызықтырды.

Евгений Мирзаев, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі:

- Біз кітапханаға оқырмандарымызды қайта оралтқымыз келеді. Қойылымды көріп, тамашалаған балалар сол шығарманы оқып шыққысы келеді, яғни олар драматургияға ден қоя бастайды. Бұдан кейін жас оқырмандар басқа жанрларды оқуға көңілі ауады деген үміттеміз.

Академиялық театрда комедия 2 жарым сағат жүреді. Ал балалар үшін бұл шығарманың философиялық мәні зор тұстарын 30 минутқа сыйдыруға тура келеді.

Нина Жмеренецкая, ҚР еңбегі сіңген артисі:

- Театрымызда бұл қойылымды бір айдан соң көрермендер назарына ұсынбақпыз. Оны қалай қоюға болады деген ой да жоқ емес. Қазір оны шартты үлгіде қою керектігін ұқтым. Балалар беріле жұмыс істей алады екен.

Жыл соңына қарай Лермонтов атындағы драма театр Ұлттық кітапханамен бірлесіп мектептердегі драма үйірмелерінің республикалық фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Авторлары: Бақыт Бұхарбек, Полина Чихичина, Валентин Лобанов.

Хабар 24 телеарнасы