384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жасыл жобалар жемісін бере бастады

  • 633
  • UPD: 18:09, 28.03.2017

Баламалы энергия – болашақ бастауы. Жамбыл облысында баламалы қуат көзін дамытуға бағытталған жобалар жемісін бере бастады.

Өткен жылдың өзінде Қордай ауданындағы жел электр станциясы сағатына 160 миллион электр энергиясын  өндірді. Биыл аймақта үлкен қосалқы станцияның құрылысы басталады.

Қордай асуындағы мына жел электр станциялары үш бірдей компанияға тиесілі. Екі жоба толықтай жүзеге асырылып, тұрақты жұмыс істеп тұр. Ал қуаты 53,75 мегаваттық үшінші станция кезең-кезеңмен салынып жатыр. Оның қуаты алдыңғыларынан екі жарым есеге көп. Қазір 19 қондырғы орнатылып қойған. Ол пайдалануға берілген күннен бастап шамамен 47 миллион киловатт сағат электр энергиясы өндірілген.

Марат Түкбаев, өндіріс жөніндегі директор:

- Электр энергиясын өндіру көлемі тікелей табиғатқа байланысты. Жел көбейген сайын өнім де арта түседі. Бұл таза жасыл энергия. Қазір 40 шақты станция жұмыс істеп жатыр. Оның 21-нің қуаты 1 мегаваттан, 17-сінің 1,65 мегаватт болады. Жоба әрі қарай да жалғасын табады.

Зұлмұрат Сыздықов осы жерде электр жүйесін реттеп, үйлестіруге жауапты. Оған жаңа технологияның тілін шетелден келген арнайы мамандар үйреткен.

Зұлмұрат Сыздықов, техник-электрик:

- Генератордың жұмыс істегенін, қуатын көрсетіп береді. Осы жерге кіріп, біз қателерін көреміз. Бәрі неміс тілінде шығарылған. Қазір 8,2 көрсетіп тұр. 115 киловатт шығарып тұр.

Алыстан шағын болып көрінгенімен әр мұнараның биіктігі 70-90 метрге дейін жетеді. Басында айналып тұрған қондырғының әр қалағының салмағы 3 тонна тартады. Ол желдің екпіні секундына 4 метрден асқанда ғана айнала бастайды. Ал желдің күші секундына 25 метрге жеткенде станция автоматты түрде бұғатталып, сіресіп қалады. Ол генератордың зақымдануынан сақтайды.

Қазір өңірге қажетті электр энергияның басым бөлігі Қырғыз елінен алынып отыр. Жақында қосалқы станция салынбақ. Жоспар орындалса, бұл импорт көлемін төмендетуге сеп болды.

Қайрат Досаев, Қордай ауданының әкімі:

- Жоғары ВЛ-220 деп айтамыз. Үлкен подстанция Қордайда салынатын болды. Биылға бөлінген 500 миллион теңге жобалық сметалық құжаттың бәрі дайын. Бөлінген жеріміз дайын. Іске қосылатын болса бізде Қырғызстанға тәуелділіктен шығамыз.

Тағы бір жаңалық. Қордай асуында жылдық қуаты 99 мегаватт болатын жаңа станция бой көтереді. Қазір осыған қатысты келіссөздар жүріп жатыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы