385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл әскер қатарына елордадан 800 сарбаз қосылады

  • 481
  • UPD: 07:41, 31.03.2017

Әскери қызмет - абыройлы міндет!

Елімізде Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс өрендер үшін медициналық тексеріс басталды. Биыл бұл науқан жылдағыдан жылдам, әрі өзгешерек жүргізіліп жатыр. Мәселен жас сарбаздарды іріктеу кезеңі 4 айға созылады. Елорданың әскери жиын мекемесінде қызу қарбалас басталған. Мұнда Отан алдындағы борышын өтегісі келетін жастар жан-жақты іріктеуден өтеді. Сыннан сүрінбегендердің алғашқы легі де анықталды. Бірер күннен кейін олар әскер киімін киіп, Қарулы күштер қатарына қосылады.

Тұрар Ізбасқан, әскерге шақырылушы:

- Бізде міне әскерге шақырту алдық. Әскерге дайынбыз деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасының шекара қызметіне аттанып бара жатырмын. Енді осы міндетімізді абыроймен атқарамыз деп ойлаймын.

Көктемгі науқанда астаналық 7 мыңдай жігіт медициналық сараптаудан өтеді. Сондықтан маңызды шара маусым айының соңына дейін жалғасады. Осы мерзімде үміткерлердің денсаулығы тексеріліп, бақылау тыңғылықты жүргізіледі. Өйткені, ел әскерін Астанадан аттанатын 800 сарбазбен толықтыру қажет.

Ғани Артықов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

- Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар деген секілді ішінде денсаулық жағынан сай келіп тұрған, азаматтық мамандығы бар жастарымыздың барлығын әскери бөлімнің атқаратын ерекше қойылатын тапсырмаларға байланысты сол әскери бөлімдерді жабдықтау жұмысын жүргізіп отырамыз.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігінде жедел желі жұмыс істейді. Бұл орталықтан шақырылғандар мен әскерге барғысы келетін азаматтар өзіне керек барлық ақпаратты ала алады. Онда қызмет көрсететін мамандар жас жігіттерді толғандырған сұрақтарға жауап береді.

Амантай Өсербаев, ҚР ҚКБШ Ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаменті басшысының орынбасары:

- Қазақстанымызда жүйелі түрде жұмыс жүргізілгендіктен, жастарымыздың арасында патриоттық сезім өте жоғары деп айтуға болады. Біздің Қазақстанда әскердің саны шағын. Ал шақырылушылар саны жеткілікті.

Жалпы еліміз бойынша Қазақстан қарулы күштерін қайта жасақтау арқылы 16 мың азамат мерзімді әскери қызметке алынады. Олардың бәрі осындай жиын пункттерінен іріктеледі. Әскерге алынған әрбір бозбала өмірге бейімделіп, жауынгерлік қабілетін арттырып қана қоймай, азаматтық парызын да өтей алады.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Бақтияр Рзаев.

Хабар 24 телеарнасы