387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 60-тан астам жарнама нысаны заңсыз орнатылған

  • 870
  • UPD: 23:16, 01.04.2017

Қала келбетіне нұқсан келтіретін шағын жиналмалы қалқанша мен баннер иелерінен 3 жарым миллион теңге айыппұл өндірілді.

Қала билігі шаһар шырайын бұзатын осындай сыртқы жарнама иелерін анықтау үшін арнайы рейдтер ұйымдастыруға кірісті. Жалпы жарнамалық құрылымдарды орналастыру үшін міндетті түрде сәулет және қала құрылысы бөлімінің келісімін алу қажет. Бұл мақсатқа қала бойынша 281 арнайы орын бөлінген.

Ирина Вайдиева, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы:

- Меншік иелері жарнамалық құрылымдарды өз бетінше қойып, қаланың эстетикалық көрінісін бұзады. Біз әрине, мұндай келеңсіз жәйтті болдырмауға күш саламыз. Арнайы іс-шаралар кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңсыздыққа жол беруге болмайтындығын ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы