389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар жолында көлік қозғалысы шектелді

  • 467
  • UPD: 22:01, 05.04.2017

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді.

Атап айтқанда, «Семей – Қайнар» бағытында қатынайтын жолаушылар «Семей – Қарауыл» жолы арқылы айналып өтеді. Ал «Самара – Шымкент» автожолын Темірлан ауылы арқылы «Ақшатау-Ақадырға» «Қарағанды – Ақсу-Аюлы–Ақадыр» бағыты арқылы қатынауға болады.

Сондай-ақ көктайғақ салдарынан «Екатеринбург – Алматы» магистралінің Қарағандыдан Балқашқа дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.

Хабар 24 телеарнасы