389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық полицейлер 85 дана қару-жарақтың көзін жойды

  • 614
  • UPD: 22:14, 05.04.2017
Оралдық полицейлер 85 дана қару-жарақтың көзін жойды

Оралдық полицейлер кезекті мәрте комиссиялық қаруларды жою шарасын өткізді.

Арнайы құрылған комиссия мүшелерінің куә болуымен 62 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 8 дана газды тапанша, 3 дана жарақаттық қару, 4 дана пневматикалық тапанша және 2 дана шолақ мылтық қызған пешке тасталды. Сондай-ақ 6 дана заттай айғақ заттар да жойылды.  Оның ішінде 3 дана аңшылық қару, 1 дана шолақ мылтық, 1 дана жарақаттық қару және 1 дана пневматикалық тапанша болды. Ұзын саны 85 бірлік қару бөліктері балқытылды.

Қаруды жою жұмысы Орал қаласындағы «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында жүргізіліп, зауыттың шойын балқыту пешінде отқа оранған металдар санаулы сәтте еріп үлгерді. Балқытылған металдың жалпы салмағы 150 келіге жетті. Жойылған қарулардың дені ерікті түрде тапсырылған. Арасында тәркіленгендері де бар дейді мамандар.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы