386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сүзгі стансасы салынады

  • 356
  • UPD: 10:32, 07.04.2017

Ерекшелігі сол, тіршілік нәрі хлормен емес ас тұзымен тазартылады.

Осындай әдіспен толықтай жаңғырту үшін 85 миллиард теңге қаражат керек екен. Жалпы оралдықтар тәулігіне 50 мың текше метр су тұтынады. Мамандардың айтуынша, қала тұрғындары үнемдеуді үйренген. Сондай-ақ, ауыз-су сапасына шағымданушылар да азайған.

Есенжан Шоңаев, кәсіпорын директоры:

- Қалада 100 пайыз су бар. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 6 шақырым жөнделді. Соған қарағанда 7 жоба дайын өтіп отыр, ол да 10 шақырым. Қаржы берілгесін шешіледі.

Әсем Ыбрайымова, басқарушы компанияның қаржы бойынша директоры:

- Сенімді басқаруға берудің нәтижесінде біздің кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы арта түседі деген сенімдеміз. Компанияның дәл қазіргі кезеңдегі жағдайына қарағанда қаржы тарту ауадай қажет. Өйткені өндірістік мекемеге қондырғылар жаңғыртуды талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы