376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көктемгі марафон ұйымдастырылды

  • 677
  • UPD: 15:17, 07.04.2017

7 сәуір - Халықаралық спорт күні.

Осыған орай елордада көктемгі марафон ұйымдастырылды. Еліміздің бас қаласындағы университеттердің студенттері мен мұғалімдері арасында өткен жарыс тартысқа толы өтті. Қыздар 5 шақырым қашықтыққа жүгірсе, жігіттер 9 шақырымды бағындырды. Марафонға келген қатысушылар Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Бақтияр Артаевтардан ақыл-кеңес тыңдады.

Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:

- Біздің елде соңғы кездері спортқа көп көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтауға да. Елбасымыз қаншама спорт кешенін соғып берді. Сондықтан да дені сау ұлт қалыптастыру басты мақсатымыз. Мына іс-шараға қаншама адам келіп қатысуда. Бұл әрине қуантарлық жағдай.

Хабар 24 телеарнасы