386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелер жабылады

  • 700
  • UPD: 20:03, 08.04.2017
Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелер жабылады Фото: avoriteastana.com

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігімен Қабанбай батыр даңғылында су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл ЕХРО-2017 көрмесі аумағынан аумағынан кәріз суларын үздіксіз ағызуды және сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жалпы ЕХРО қалашығын дамытуға ықпал етеді, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты елордада бірнеше көше жабылады. Атап айтқанда, 15 – 25 сәуірде Алматы көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысы, 26 сәуірден бастап 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында қозғалыс уақытша шектеледі.

Сонымен қатар, мамырдың 10-ы мен 15-і аралығында Қабанбай батыр даңғылының Орынбор к-сімен (Сығанақ к-сі) қиылысы жабылмақ.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қаланың сол жағалауын жылумен үздіксіз жабдықтау мақсатында әкімдікпен 5-кезектегі жылу магистралін салу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қалада бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі.

15 сәуірден 15 мамыр аралығында Н.Тілендиев даңғылында Ш.Бейсекова көшесімен қиылыста, 16-26 мамырда Ш.Бейсекова көшесінде Н.Тілендиев даңғылы мен С.Сейфуллин көшесінің арасында қозғалыс шектеледі.

Мұнымен қоса, 15 сәуірден 30 мамырға дейін 14 көшеде жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, сол жағалаудағы 11 көшеде, оң жағалаудағы 3 көшеде. Тиісті жұмыстар барысында көшелердегі қозғалыс жартылай шектеледі. Кейбір көшелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатынсалу кезінде көлік құралдарының қозғалысы толық тоқтатылады. Көшелер жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сйкес жабылады.

«Арқар» (М-1) мен «Арыс» (М-3) көпірлерін жөндеу бойыша құрылыс жұмыстары: таяныш қоршауларды сырлау, бүлінген жерлерін ауыстыру, қоршаулардың қаптау жұмыстары 10 сәуірде басталады.

Сонымен қатар, 1 маусымға дейін 14 көшеде бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Хусейн бен Талал к-сі – Тұран даңғылынан Орынбор к-сіне дейін, Республика даңғ. –Сейфуллин к-сінен «Рамстор» СҮ орамына дейін, «Арыс» (М3) көпірі –Орынбор к-сінен Нәжімеденов к-сіне дейін, Байтұрсынов к-сі –Тәуелсіздік к-сінен Қ. Аманжолов к-сіне дейін, Тәуелсіздік даңғ.– Ташенов к-сінен Мұңайтпасов к-сіне дейін, «Салтанат сарайы» ауданындағы жол.

Бұдан басқа, Рысқұлов к-сі – Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейін, дип. қалашық – Қонаев к-сі – Сарайшық к-сі, Тұран даңғылындағы екінші дәрежелі көше –Сарайшық к-сінен Қорғалжын тас жолына дейін мейрамхана кешендерінің бойы квадраты, «Сарыарқа» СОО-дан «Мега» СОО-ға дейін, Амман к-сі – Шарль де Голль к-сінен Г.Әлиев к-сіне дейін, Тәуелсіздік даңғ. – Момышұлы даңғ. Майлин к-сіне дейін, Қонаев к-сі – Қабанбай батыр даңғылынан Ақорда Президенттің резиденциясына дейін, сондай-ақ, Достық к-сі –Тұран даңғ.Ақордаға дейін жөнделеді. Достық көшесі – Тұран даңғылынан Ақордаға дейін 3 км жуық, ал Тәуелсіздік даңғылы –Момышұлы даңғылынан Майлин к-сіне дейін 0,5 км жол қалпына келтіріледі.

Хабар 24 телеарнасы