386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда әжелер мектебі құрылды

  • 612
  • UPD: 20:36, 08.04.2017

Ақ жаулықты аналардың басын қосқан үкіметтік емес ұйым қыз-келіншектерді ұрпақ тәрбиесіне баулиды.

Үйіне келген қонағына шай құюдан бастап дастарқан жайып, ас тартудың тәртібі мен ережелерін үйретеді. Сонымен қатар, жас келіндерге баланы бесікке бөлеудің қадір-қасиетін түсіндіреді. Мұндағы дәрістің көбі ене мен келін арасындағы қарым-қатынас пен сыйластыққа арналған. Ақтау өңірінде алғаш ашылған мектепте он әже тәлім-тәрбие береді. Қазір бұнда отыздан аса қыз-келіншек жанұя жылуын сақтап, инабатты өмір салтын қалыптастыруды үйреніп жүр. Болашақ ана атанар қыз балалар да назарда ұсталады. Бойжеткендер айына бір рет танымдық шараларға қатысады.

Нұрниса Махмұдова, «Әжелер мектебінің» мүшесі:

- Жастарға үлгі-өнеге көрсету. Тәлім-тәрбие беру. «Дәстүрдің озығы бар тозығы бар» дегендей, соның озығын алып, тозығын қалдырып, тәрбиелік маңызы бар шараларды көптеп ұйымдастырамыз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы