384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің тиімді екенін түсінді

  • 674
  • UPD: 09:02, 09.04.2017

Қазір 37 балабақша, бірнеше медициналық мекеме осы жаңа жүйемен қызмет көрсетеді.

Одан бөлек, спорт және мәдениет саласында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысының кәсіпкерлері Ақтөбеде бас қосып, қанатқақты жобаның тиімді тұстарын талқылады. Бірнеше жаттығу залы, би залы мен бассейні бар спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істеп тұр. «Осыдан 10 жыл бұрын ашылған кешенді жаңғыртып, жаңа жабдықтар алу үшін мемлекеттің қолдауына жүгіндік» - дейді басшысы. Биылдан бастап, қаладағы бірнеше спорт командасына мемлекет қаржысы есебінен қызмет көрсетеді.

Асқар Бегімов, спорт кешенінің директоры:

- Қалада жасөспірімдер үшін спортпен шұғылданатын залдар тапшы. Сондықтан біз осы кешенді жалға беріп, көмектесіп отырмыз. Біздің де шығындарымыз өтеліп, жалақы мен коммуналдық қызметті бөлінетін қаржыдан төлейміз.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту өңірлік орталығында 48 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 30 млрд-қа жуық инвестиция тартылады. 7 жоба мақұлданып, келісімшарт жасалған. Мұз айдыны сарайы, көз ауруларын емдейтін клиника, балалар стомотологиясы салынып жатыр.

Раиса Келмұхамбетова, облыстық мемлекеттік-жекменшік серіктестікті дамыту өңірлік орталығының басшысы:

- Инвесторлар өздері жоба ұсына алады. Олар бизнес жоба жасап, жан-жақты зерттеп, кейін мемлекеттік органдарға ұсыныс жасайды. Мысалы, дәл қазіргі таңда 2 жоба бойынша келісім жасауға әзірміз. Тағы 2 жоба бойынша байқау жарияладық. Ол «Батыс-2» және «Нұр Ақтөбе» шағын аудандарында емхана салу жобалары.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде әлеуметтік нысандар көптеп ашылып жатыр. Өткен жылы 37 балабақша іске қосылса, биыл 8 бақшаның жобасы әзір тұр. Тек облыс орталығы емес, аудандарда бірнеше емхана салу жоспарланған. Өңірлік семинарға жиналғандар өзара тәжірбие алмасып, мемлекет ұсынған жобаның тиімді тұстарын талқылады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев.

Хабар 24 телеарнасы