387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында тасқынға қатысты ақпарат беретін «қауырт желі» іске қосылды

  • 457
  • UPD: 17:41, 10.04.2017
Ақмола облысында тасқынға қатысты ақпарат беретін «қауырт желі» іске қосылды nord-news.ru

Ақмола облысында ағын суға қатысты ақпарат беретін және су тасқыны кезінде халыққа қызмет көрсететін «қауырт желі» іске қосылды.

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. Аймақтың кез-келген тұрғыны 8-(716 2)-50-26-75 телефон нөміріне хабарласып, көктемгі су тасқынына байланысты өздерін алаңдатқан мәселелерге жауап ала алады. Айта кетейік, қазір аймақта апаттың алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр. Көптеген елді мекендерде суды ауылдан сыртқа шығаратын арнайы арықтар қазылуда. Бүгінде өңірде 119 елді мекенді су басуы мүмкін деген қауіп бар. Оларда 23 мың халық тұрады. Тасқын бола қалған жағдайда халықты көшіретін 200-ден астам эвакуациялық орындар әзірленген.

Авторы: Дамир Берікұлы.

Хабар 24 телеарнасы