384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей-Долонь тас жолы жөнделіп жатыр

  • 381
  • UPD: 21:20, 10.04.2017

Семей-Долонь тас жолының су шайған бөлігі қалпына келтіріліп жатыр.

Оған «Облшығысжол» мекемесінің 4 техникасы мен жұмысшылары жұмылдырылған. Кеше таңғы 5-тер шамасында Ертісте су деңгейі көтеріліп, мұз кептелісінің кесірінен Бірлік ауылының маңына жайылған еді. Абырой болғанда адамдар да аман, мал шығыны да жоқ. Ауылда 150 тұрғын бар, 37 оқушы 5 шақырымдағы Глуховка ауылына автобуспен тасымалданып оқиды. Жергілікті әкімдік пен мамандар дереу жолды жауып, тұрғындарға Қарамырза, Канонерка елді мекендері арқылы айналып өту керектігін ескертті. Қазір жолдың зақым келген 60 метр бөлігіне құм төселіп, бекітіліп жатыр. Мұндай оқиға осыдан 22 жыл бұрын тіркеліпті.

Әсемхан Ысқақов, Глуховка ауылдық округінің әкімі:

- ТОО «Шығысжол» жұмысшылары келіп, түнде кезекшілікте болды, біздің учаскелік полиция, өзім де тұрдым. Өткен машиналарды байқап өтсін деп. Таңертең жұмыстарын бастады. Бүгін кешке жол істелініп, қарым-қатынас болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы