Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әуе кеңістігінен түсірілген Жезқазғанның суреті ғарышкерлер коллекциясын толықтырды

  • 933
  • UPD: 11:33, 11.04.2017

Әуе кеңістігінен түсірілген Жезқазғанның суреті енді ғарышкерлердің жеке коллекциясын толықтырады. Бұл туралы Қарағанды әуежайында журналистермен болған кездесуде экипаж мүшелері мәлімдеді.

Айта кетейік, күні кеше «Союз МС-02» ғарыш кемесінің командирі Сергей Рыжиков, бортинженер Андрей Борисенко мен астронавт Роберт Шейн Кимброу жерге аман-есен оралған болатын. Халықаралық ғарыш станциясындағы бұл экипаждың кезекті экспедициясы сәтті аяқталды. Олар ғарышта жарты жыл болған. Осы аралықта 50-ге жуық ғылыми жұмыс жүргізіпті. Алайда экипаж мүшелеріне ғарышта тәтті бұрыш өсіру мүмкін болмады. Ол үшін арнайы құрал қажет екен. Алайда өздігінен жүретін аппаратты орбитадан басқару тәжірибесін сәтті бастады.

Андрей Борисенко, ғарышкер:

- Күрделі техниканы халықаралық ғарыш станциясынан басқару жұмыстары бұнымен аяқталмайды. Бірақ өкінішке орай, бұл тәжірибені енді біз емес, жаңа экипаж мүшелері жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы