387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қылмыскерлердің құйтырқы әрекеті іске аспады

  • 527
  • UPD: 08:06, 12.04.2017

Оралда сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы ұрлық жасамақ болғандар қолға түсті.

Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Қаланың қақ ортасындағы банктен шыққан ер адамды тапа-тал түсте белгісіз екеу тонап, 37 миллион теңгесін тартып алып кеткен болатын. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде оқыс оқиғаның келісіп жасалғаны әшкереленді. Сөйтіп зардап шегушінің кейпіне енген 27 жастағы қылмыскер төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жалған тонаушылар да жазаға тартылады.

Асылай Ғұбашева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Ал оқиғаға қатысты оның сыбайласы Әділет Орақбаевқа жарияланған іздеу нәтижесінде, ол сәуір айының 1-і күні құрықталды. 1982 жылы туған азамат қазіргі уақытта Орал қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы