389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда фермерлерге арналған оқу модулі таныстырылды

  • 468
  • UPD: 12:48, 12.04.2017

Алматыда фермерлерге арналған «Көкөніс шаруашылығының негіздері» атты оқу модулі таныстырылды.

Нұсқаулық «Шелек фермерлері» зерттеу командасының үш жылдық тәжірибесі мен ізденістеріне сүйене отырып жасалған. Онда өсімдік шаруашылығы саласында бизнес жүргізудің барлық мәселелері қамтылған. Мәселен көкөністі егуден бастап сатуға дейінгі жолдары толық көрсетілген. Шағын жер телімінен қалай мол табыс табуға болатыны да айтылған. Алдағы уақытта Алматы облысының 500-ден астам фермері осы модуль аясында білімін жетілдірмек. Болашақта нұсқаулық электронды форматта да жарық көреді.

Бақытгүл Елшібаева, «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қорының» атқарушы директоры:

- Олар ғылыми тілде, студенттерге, жаңағы профессорларға сондай білімі, бастапқы білімі бар адамдарға арналады. Ондай оқулықтар. Ал біздің шығарып отырған осы нұсқаулығымыздың құндылығы ол өздерінің тілінде, өздеріне түсінікті, суреттерімен, экономикалық есептерімен берілген.

Хабар 24 телеарнасы