378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда алқаптардан еріген қар суы қалаға қарай құйылып жатыр

  • 500
  • UPD: 16:39, 12.04.2017

Соның салдарынан, бүгін облыс орталығының батыс жақ шетіндегі әуежайға барар жол уақытша жабылды.

«Судың көптігі сондай, арнайы қойылған диаметрі мың миллиметрлік құбырлардың өзі өткізіп үлгіре алар емес. Қазіргі сәтте отызға тарта техника, елудей адам күші жұмылдырылып, қарғын судың бағытын бұру жұмыстары жүріп жатыр. Жылда даладағы еріген қар суы Қостанайдың шетіндегі 5 млн текшеметр су сыятын көлге жиналатын. Қазір ол жерге жаңадан қалашық тұрғызылып, тегістеліп кеткен. Сондықтан осынша көлемдегі су қалаға қарай ағылуда» деп түсіндіреді мамандар.

Геннадий Колчанов, қалалық ТЖД бөлімінің бас маманы:

- Қазір барлық күш алқаптардан келетін судың көлемін азайтуға жұмсалуда. Топырақ үйіп, жырып, басқа арнаға бағыттап жатырмыз. Бүгін даладан құйылған су сәл де болса азайды. Көпір астындағы суды сору үшін арнайы техникалар қойдық. Жолды тезірек ашуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы