389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент мақаласындағы мақсат-міндеттерді асыруға ғалымдар да үлес қоспақ

  • 432
  • UPD: 22:15, 12.04.2017

Мақаладағы міндет-мақсаттарды іске асыру үшін зиялылар ерекше үлес қосуы тиіс.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді осындай пікірде. Ғалымның айтуынша, мақалада көтерілген мәселелерді іске асыру үшін мүмкіндік бар.

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Өйткені біз қазір өз мемлекеттілігі бар елміз. Біздің өз ырқымыз өз қолымызда. Ал енді рухани жаңғыруды іске асыру үшін тағы да не керек десек, ол әрине мына біздің ұл ретінде ұстанымымыз мықты болу керек. Міне осы тұрғыдан алған уақытта Президент ұсынып отырған бағдарлама біз үшін өте пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы