389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған Елбасы мақаласын оңтүстікқазақстандықтар қызу талқылады

  • 1008
  • UPD: 22:55, 12.04.2017

Елбасы мақаласын оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері ардагерлер кеңесінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған басқосуда талқылады.

Аға буын өкілдері бұны еліміздің біртұтас ұлт болуына негізделген деп санайды. «Саналы ұрпақ пен білімді жастар – ел болашағы. Сондықтан Елбасының рухани байлықты алдыңғы сапқа шығаруы өз уақытында көтерілген мәселе», - дейді қариялар. Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды өмірден көргені көп зиялы қауым өкілдері жұрт болып жұмыла жүзеге асыруға шақырды.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

- Халықтың ойындағы жүрегіндегі толғандырып жүрген мәселелерінің барлығы осы бүгінгі көлемді мақалада орын тапқан. Сондықтан да осыны оқып, басшылыққа алып облыстың экономикасын, мәдениетін, білімін ары қарай жалғастыруда бізге өте қажетті жолдау, бағыт-бағдар деп есептеймін.

Исамудин Рысбай, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Қазіргі осы жастардың тәлім-тәрбиесінің өзі мынау ардагерлерді үлкен кісілерді қатты ойландырып жүрген кездері кездесіп жатыр. Неге десеңіз жастарымыздың кейбір істеген іс-әрекеттері қылықтары ол біздің ата бабаларымыздың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүріне сыйыса бермейді. Мұның біріншіcі үйленбей жатып кей біреулері отбасы дегенге өте жеңіл қарап, ажырасуға бейім тұрады. Бұның өзі болса да біздің қарттарды ардагерлерді ойландыратын мәселе. Елбасымыздың мақаласындағы тәлім тәрбиенің өзі жастарға үлкен тәрбие болатын нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы