389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ның Бейжіңдегі штаб-пәтерінде интерактивті ойын өтті

  • 602
  • UPD: 13:12, 13.04.2017

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Бейжіңдегі штаб-пәтеріндегі «Астана» залында «Шанхай үлгісі» деп аталған интерактивті ойын өтті.

Оған Қытай астанасындағы мектептерде оқып жатқан ұйымға мүше алты мемлекеттің оқушылары қатысты. Олар бұл шараға екі ай дайындалып, тәжірибелі дипломаттардан ақыл-кеңес алған. Балалар ұлттық үйлестіруші рөліне кіріп, ұйымның аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын түсіндік дейді. Шара ұйымға Қазақстанның төрағалығы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында өткізіліп отыр. Оқушылар да ұлттық үйлестірушіге тән шеберлік танытып, ұшқыр ой, шешіндік өнермен көзге түсті.

Әсел Қадырова, ойынға қатысушы:

- Біз бұл ойында ШЫҰ өкілдері ретінде жаңа идеялар мен жобаларды ұсынып, өз позициямызды қорғадық. Дүниежүзілік мәселелерді шешуге тырыстық. Өте қызықты жаңа нәрселер үйрендік. Ең бастысы біз өзімізді нағыз дипломат сезіндік.

Хабар 24 телеарнасы