389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Капитал» газетіне – 12 жыл

  • 618
  • UPD: 20:19, 14.04.2017

2005 жылдан бері алты миллион данасы жарық көрген мерзімді басылым тілші әңгімесіне арқау болмақ.

 Іскерге арналған бұқаралық ақпараттық құралдардың көш басында тұрған басылым өзіндік мазмұнмен ерекешеленеді. Тек қана оқырман қауымы ғана емес, әріптестер де бизнес әлемін насихаттауда үлгі тұтты. MUSAN GROUP компаниялар тобына кіретін «Капитал» газеті жан-жақты, көп қырлы басылым санатында.

Санжар Мустафин, MUSAN GROUP президенті:

- Біздер кәсіпкерлердің жеке бастан кешкен оқиғаларын қарастырдық. Сәтті жобаларын талдадық. Сәтсіздіктерін де сараптадық. Өйткені кеткен кемшілік өзгенің қателік жібермеуіне сабақ емес пе.

Терілген мәтін. Жөнделген мақалалар, өңделген суреттер. Дайын дүниені баспаханаға жеткізу. Ал әрбір бейсенбі сайын оқырман «Капитал» газетінің жаңа нөмірін қолдарына алады. Холдинг құрамында елге белгілі сайт бар. Әлемнің жүздеген елінен ай сайын қарайтындар бір жарым миллион. Бұл көрсеткіш күннен күнге артып келеді.

Санжар Мустафин, MUSAN GROUP президенті:

- Газет тиражы азайған жағдайда бұл саланы ірке тұрамыз. «Капитал» тек қана газет емес екені айқын. «Капитал» іскерлік ортаның ақпарат көзі. Кәсіпкерлер дерек алатын, қажетті ақпаратқа қанығатын орталық деп қабылдаймыз.

Холдингтің негзін салушы Санжар Мустафин газетке деген сұраныс әлі де бола беретінін жоққа шығармайды. «Капитал» тек контенттің сапасын ойлап қана қоймай, оны безендіруге де жете мән береді. Жыл бұрын басылым түрлі-түсті форматқа өтті. Ал марапаттар қатары газет «Оскарымен» толықты. «Капитал» European Newspaper Awardтың 18-ші халықаралық байқауында ең үздік бірінші бет номинациясында үздік шықты.

Авторлары: Амангелді Сейтханов, Аят Дусембаев.

Хабар 24 телеарнасы