389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жыл соңына дейін бірқатар көгалдандыру нысаны салынады

  • 1005
  • UPD: 20:55, 13.04.2017
Астанада жыл соңына дейін бірқатар көгалдандыру нысаны салынады www.3652.ru

Елорда билігі үстіміздегі жылдың соңына дейін қаланың түрлі аудандарында орналасқан жаңа бақтар мен саябақтарды ел игілігіне тапсырмақ. 

Бүгінгі күні тұрғындардың серуендеп, демалуы үшін жалпы ауданы 401,29 га болатын 10 бақ, ауданы 30 га 4 желекжол мен жалпы ауданы 131,94 га 90 саябақ бар.

2017 жылы Астана қаласының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қ.Жалайри көшесінде саябақ құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Көктал-1 тұрғын алабында, Еңлік-Кебек көшелерінің ауданында және жобалық атаулары № 12-105, № 12-102 және 167 көшелерінде бақтың құрылысы бітеді.

Бұған қоса, Астана қаласы әкімінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде Басқарма 19 көгалдандыру нысанын, соның ішінде 3 желекжол мен 16 саябақ салуды жоспарлап отыр, олар апатты-ескі үйлердің орнына салынады. Сарыарқа ауданы бойынша 12 нысанды пайдалануға тапсыру көзделген.

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы