385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша су тасқыны болуы ықтимал өңірлерде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

  • 442
  • UPD: 16:00, 14.04.2017
Еліміз бойынша су тасқыны болуы ықтимал өңірлерде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр authorstream.com

Қазіргі таңда республика бойынша су тасқыны болуы ықтимал өңірлерде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Оған жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ ТЖ комитеті бөлімшелерінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің күштері алдын алу, авариялық-құтқару және шұғыл қызметтері жұмылдырылған.

Осы уақыт аралығында 14550 метр уақытша бөген тұрғызылды, инертті материалдары бар 62165 дана құм салынған қап төселді, 531254 текше метр су сорылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Еріген қар суының тасуы Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай,  Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автожолдардың аумағын басты.

Мамандардың болжамы бойынша Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі, ағын, кептеліс қалыптасуы, су шаю және су басу мүмкін. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулары төмен орналасқан өзендерінде жаңбыр жауып, еріген қар суынан тасу қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы