383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда халықаралық әскери олимпиада жеңімпаздары марапатталды

  • 377
  • UPD: 15:27, 14.04.2017

Алматыда математикадан халықаралық жалпы әскери олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Олимпиада бірнеше елдің жоғары әсери-оқу орындары арасында ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстанның командалары бар. 3 күн бойы командалық және жекелей біліктілік танытып, жарыста қара үзіп шыққан күштілер анықталды. Жалпы командалық есеп бойынша Ресей бірінші, Қазақстан екінші орынды иеленді. Беларусь үшінші орынға табан тіреді. Әскерилердің білім сайысы Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Мұндай кездесулер белгілі салалар бойынша күштілерді анықтап қана қоймай, білім беру жүйесін кемелдендіруге де септігін тигізеді. Келесі жылы халықаралық әскери олимпиада аясы кеңейіп, оған информатика мен лингвистика пәндері де қосылмақ.

Бейбарыс Қойшыбаев, ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

- Осы жылы екінші орынға қол жеткіздік жалпы командалық есепте. Ол менің ойымша, өте жақсы көрсеткіш. Бұған дейін қазақ елінен шыққан курсанттар мұндай көрсеткіштер көрсетпеген болатын. Осы жылы ең бірінші рет жүлделі орынға ілігіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы