386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуір-мамыр айларында Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше жабылады

  • 633
  • UPD: 15:25, 14.04.2017
Сәуір-мамыр айларында Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше жабылады novostipmr.com

Сәуір-мамыр айларында Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады. Бұл туралы Астана қаласының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қабанбай батыр даңғылында су құбырларын тарту кезеңінде сәуірдің 15-інен 25-іне дейін Алматы көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысатын тұста жабылатын болады.

26 сәуірден 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында жабылады.

10 мамырдан бастап 15 мамырға дейін Қабанбай батыр даңғылы Орынбор көшесімен қиылысатын тұсында жабылады.

Бұған қоса, қаланың сол жағалауын жылумен тоқтаусыз қамту мақсатында 5-кезектегі жылу магистралінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейінгі аралықта Ш.Бейсекова көшесімен қиылысатын тұста Тілендиев даңғылымен қозғалыс шектеледі, ал 16 мамырдан 26 мамырға дейін Н.Тілендиев даңғылы мен С. Сейфуллин көшесі арасында Ш.Бейсекова көшесімен қозғалыс шектеледі.

Бұл аудандарда кәріз жүйелері мен су құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

1 маусымға дейін мына көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі: Хусейн бен Талал көшесі  Тұран даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін; Республика даңғылы – Сейфуллин көшесінен «Рамстор» СҮ орамына дейін; «Арыс» көпірі - Мәңгілік ел даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін; Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейін; «Салтанат сарайы» ауданындағы жоқ.

Сонымен қатар: Рысқұлов көшесі - Қабанбай батыр даңғылынан Мәнңгілік ел даңғылына дейін; Дипломатиялық қалашық – Қонаев көшесінен Сарайшық көшесіне дейін – Тұран даңғылының бойындағы екінші дәрежелі жол – Сарайшық к-сінен Қорғалжын тасжолына дейін мейрамхана кешендерінің бойындағы жол квадраты, «Сарыарқа» СОСО-дан Keruen City СОСО-ға дейін; Амман көшесі  Шарль де Голль көшесінен Алиев көшесіне дейін – Тәуелсіздік даңғылы  Момышұлы даңғылынан Майлин көшесіне дейін – Қонаев көшесіне  Қабанбай батыр даңғылынан «Ақордаға» дейін – Достық көшесіне  Тұран даңғылынан «Ақордаға» дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы