387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік дәрігер: Роботтық техника заманында жастар алғыр әрі білікті болуы керек

  • 555
  • UPD: 16:37, 14.04.2017

Дүние жүзінде қандай емдеу тәсілі болса, бүгінде соның барлығы Қазақстанда іске асырылып жатыр.

Бір кезде шетелдіктер қыруар ақша сұрайтын операцияны қазір жергілікті мамандар жасайды. «Бұл еліміздегі ұлт саулығына деген жанашырлықтың жемісі»,дейді шымкенттік білікті дәрігер Иманәлі Байдаулетов. Саналы ғұмырын халықтың денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жан роботтық техника заманында жастар алғыр әрі білікті болу керектігін айтады. Өйткені ғылым шапшаң дамып келеді. «Болашақта адамды құлтемірдің өзі компьютермен емдейтін жағдайға жеткізуі мүмкін. Сол кезде көштен қалмауымыз қажет»,дейді білікті дәрігер. Елбасы мақаласын жан-жақты талқылаған облыстың зиялы қауым өкілдері оны әркім өз саласы бойынша жастарға жіті түсіндіру керек деп тарқасты.

Иманәлі Байдаулетов, Медицина ғылымдарының докторы:

- Қазір Қазақстан медицинасы дүние жүзіндегі озық медицинаның біріне айналып отыр. Ал енді осындай рухани жаңғырып жатқан кезде Қазақстан халқының денсаулығы нашар болса, ол үлкен жетістіктерге жете алмайды. Сондықтан жастарымыздың денсаулығы бесіктен бастап есейгенге дейін қорғалуы керек. Ол үшін халық салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Қаны таза, санасы таза халқы бар мемлекет қана үлкен жетістікке жете алады.

Хабар 24 телеарнасы