389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық газет ұжымдары латын қарпіне көшу бастамасын қолдайды

  • 755
  • UPD: 16:36, 14.04.2017

Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ұжымы да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қызу талқылады.

«Қоғамдық сананы жаңғырту дегеніміз ең алдымен адам тәрбиелеу, сананы жаңғырту деген сөз. Ол мыңжылдықтардан жалғасып келе жатқан ата-дәстүрімізді, бай мәдениетімізді сақтай отырып, жаһандану кезеңінде өзіндік бет-бейнемізді қалыптастыру дегенді білдіреді. Бізге әсіресе Президенттің тілге байланысты айтқан пікірлері ұнады. Әлем елдерінің 80 пайызы қолданып отырған латын әліпбиіне көшу туралы бастамасы да көңілімізден шықты», – дейді аға буын өкілдері.

Әміре Әрін, «Жетісу» газетінің бас редакторы:

– Егер де ұлттың алтын діңі әлсіз болса, ұлттың болмысы солғын болса, әрине, жұтып қояды. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы келешекті ойлап, өзі дамытып берген тәуелсіздіктің баянды болуын ойлап, осындай егжей-тегжейлі терең еңбек жазып отыр. Енді біздің көңілімізден шығып отырған дүние – латын қарпіне көшу мәселесі.

Атсалим Идигов, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы:

Біз бәріміз Қазақстан Республикасының азаматымыз. Олай болатын болса, осы ұлтына қарамастан, бәріміз тілді білуіміз керек. Тілді білмейтіндер меңгеруі керек. Тілді білетіндер жетілдіруі қажет. Дамыту қажет. Өйткені ол тек қана қазақ халқының тілі емес, ол мемлекеттік тіл ғой.

Хабар 24 телеарнасы