Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобус бағыттарының қозғалысы өзгереді

  • 637
  • UPD: 19:32, 15.04.2017
Астанадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобус бағыттарының қозғалысы өзгереді vrk.news

Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін кейбір автобус бағыттарының жол қозғалысы сызбалары уақытша өзгереді деп хабарлайды Астана қаласының баспасөз қызметі.

26 сәуір мен 10 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін, Керей-Жәнібек хандар көшесін жабуға байланысты бағыттың өзгеруі:

№ 50 бағдар – «Бал бала» б/б» бастапқы аялдамасынан «Қан орталығы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға Қабанбай батыр даңғылына – оңға Сығанақ көшесіне – солға Сауран көшесіне – ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша өзгереді. Кері бағытта осы секілді болады.

№ 60 бағдар – «Строймарт» Гипермаркеті» бастапқы аялдамасынан Сауран көшесіндегі «Алматы» ТК» аялдамасына дейін өзгеріссіз – ары қарай оңға Сығанақ көшесіне – солға Қабанбай батыр даңғылына – оңға жергілікті өтпе жолға – солға Тұран даңғылына – солға Керей-Жәнібек хандар көшесіне – солға Қабанбай батыр даңғылына - оңға Сығанақ көшесіне – солға Сауран көшесіне – ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№ 61 бағдар – «№ 81 мектеп-лицейі» бастапқы аялдамасынан бастап «Қан орталығы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға Қабанбай батыр даңғылына – оңға Алматы көшесіне – ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша. Кері бағытта ұқсас.

10 мамыр мен 15 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылын жабуға байланысты Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі аралықтағы бағыттың өзгеруі:

№№ 10, 12, 27, 37 бағдарлар – «Темір жол вокзалы» аялдамасынан бастап «Кардиологиялық орталық» аялдамасына дейін өзгеріссіз – ары қарай оңға Сығанақ көшесіне – солға Тұран даңғылына – солға Керей-Жәнібек хандар көшесіне – оңға Қабанбай батыр даңғылына - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша.

№ 302, 303, 308, 309 - «Кардиологиялық орталық» («Азия парк» ОСО) бастапқы аялдамасы – солға Сығанақ көшесіне – оңға Сауран көшесіне - оңға Керей-Жәнібек хандар көшесіне – солға Қабанбай батыр даңғылына - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Хабар 24 телеарнасы