380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының Жібек жолы ауылын су басуы мүмкін

  • 1307

Ақмола облысына қарасты Жібек жолы ауылына тасқын су таяп қалды. Елді мекенді жанай өтетін Есіл өзені арнасынан асып, бөгеттер шыдас бермей жатыр.

Әсіресе ауыл шетіндегі 500-ге тарта отбасының жағдайы қиындау. Олар тегін берілген жер телімдеріне үй салып, қоныстанғандарына бір жылдай ғана болған. Бірақ қуаныш көпке созылмай, табиғи апаттан келетін қауіп күшейіп тұр. Су бұл баспаналарға 150 метр жерге дейін таяп қалды. Қазір тұрғындар қажетті құжаттары мен киім-кешектерін жинап, көшуге тас-түйін дайын отыр.

Бекмұрат Тағаев, ауыл тұрғыны:

- «Силикатный» районынан бәрімізді көшіріп осы жерге салды. Міне енді 700 отбасынан артық тұрамыз. Соның бәрі сол жерден келген. Су қаптап келе жатыр. Екінші қабатқа шығып қарасам 150 метрдей жер қалды. Қалай болады біз әлі білмейміз.

Бұл ауылдағы шеткері 45 үйге су кіруі мүмкін. Төтенше жағдайдың алдын алуға құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері жұмылып, тұрғындарға көмек қолын созып жатыр. Олардың айтуынша табиғи апатты болдырмауға мүмкіндік бар. Себебі «Вячеславский» қоймасынан жіберіліп жатқан судың мөлшері бақылауға алынған.

Азамат Қайыржынов, Аршалы ауданының әкімі:

- Бүгінгі күні «Вячеслав» су қоймасынан 36 млн куб су жіберіліп жатыр. Осы суды қатерсіз өткізу үшін 5 ағын Жібек жолы ауылынан басқа жерге кетуі үшін тазалаланды. Бүгінгі қатер төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы