389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Есірткісіз әлем» халықаралық акциясы бастау алды

  • 906
  • UPD: 11:31, 20.04.2017

Қызылордада «Есірткісіз әлем» халықаралық акциясы басталды.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бәрінде өткізілетін бұл шара нашақорлықтың алдын алуға бағытталған. Ғасыр індетін тоқтатуды насихаттайтын акция жастар қойылымымен ашылды. Сала мамандарының дерегі бойынша Қызылорда облысында есірткіге тәуелді 800-ден астам тұрғын тіркелсе, соның жартысына жуығы жасөспірімдер. Есепке алынбағандары да бар. Шарада наркология орталығының өкілдері синтетикалық наркотикалық тауарлардың таралуы мен зияндылығы жөнінде толыққанды ақпар берді. Әсіресе ойын-сауық орындарында сақ болуға шақырды.

Ерболат Тұрахметов, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары:

- Жастарға оң үлгі көрсетудің маңыздылығын ескере отырып, іс-шараға өңірдегі атақты азаматтар, спортшылар, дәрігерлер, әртістер, әншілер шақырылып, облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы