386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 300-ден астам ерікті су тасқынының зардабын жою жұмыстарына атсалысып жатыр

  • 597
  • UPD: 21:06, 20.04.2017

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Ақтөбеде 300-ден астам ерікті су тасқынының зардабын жою жұмыстарына ат салысып жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен 500 адам уақытша қабылдау пункттеріне орналастырылған еді. Еріктілер тобы жан-жақтан келген гуманитарлық көмекті қабылдап, киім-кешек пен азық-түлікті сұрыптаумен айналысып жатыр. Одан бөлек, психолог мамандығына оқып жүрген студенттер балалар мен әйел адамдарға психологиялық қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес беруде. Жігіттер жағы су қайтқан жерлерді қоқыстан тазалап, үйлердің айналасын жинастырып жүр. Зардап шеккен жандарға қарапайым халық та барынша көмек беріп жатыр. Арнайы құрылған «Қолқанат-Ақтөбе» қайырымдылық қорына 2 күн ішінде 3 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Табиғи апат шығынын анықтау үшін құрылған комиссия өз жұмысын бастап кетті. Олар әр үйді аралап, материалдық шығын көлемін есептейді. Айта кетейік, өңірде жағдай тұрақталды. Барлық өзенде су деңгейі түсті.

Тұрғангүл Ешімова, қала тұрғыны:

- Ешнәрсе алып шыққан жоқпыз, үйден сол жүгірген күйде шықтық. От пен су - тілсіз жау, тез келіп қалды. Өзіміз де байқамай қалдық. Шама келгенше жәрдем беріп жатыр жан-жақтан. Кеше кәсіпкер әйелдер келіп кетті. Құтқарушылар көп жәрдем берді. Оның бер жағында, мектеп директоры бар, әкімшіліктен келіп жатыр адамдар қайта-қайта келіп, көмек беріп жатыр енді.

Хабар 24 телеарнасы