389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Қорғаныс министрлігі «Астана» және «Қарағанды» әуежайларындағы әуе кеңістігінің жабылуына қатысты мәлімдеме жасады

  • 463
  • UPD: 15:00, 21.04.2017
ҚР Қорғаныс министрлігі «Астана» және «Қарағанды» әуежайларындағы әуе кеңістігінің жабылуына қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Қорғаныс министрлігі 19 сәуірде «Астана» және «Қарағанды» аэродромдары аудандарында әуе кеңістігін пайдалануға ешқандай шектеу қойылмағандығы туралы хабарлады.

Әскери әуе кемелерінің белгіленген жол бағыттары азаматтық авиалайнерлердің «Астана» аэродромынан ұшып-қону кезіндегі ұшу кестелеріне кедергі жасаған жоқ. Сонымен қатар, жаттығулар аяқталғанға дейін азаматтық әуе кемелерінің ұшуына тыйым салу шешімі Астана қ. әуежайының диспетчері тарапынан өз бетінше қабылданған.

Қазіргі кезде әскери авиацияның парадқа дайындық күні мен қысқа уақыттық шектеулер уақыттары нақтыланған және аэронавигациялық ақпаратқа (NOTAM) өзгерту енгізу туралы хабарламаға енгізілген, бұл авиакомпанияларға ұшып-қону уақыттарын уақтылы реттеуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: www.mod.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы