384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жас полицейлер ант берді

  • 567
  • UPD: 17:54, 21.04.2017

Семейде қалалық Ішкі істер басқармасы 38 жас полицеймен толықты.

Қатарға жаңадан қосылған тәртіп сақшылары орталық алаңда салтанатты түрде ант берді. Қазақстан полициясының 25 жылдығымен орайлас өткен шарада жедел әрекет ету жасағының сарбаздары көпшілік алдында өнер көрсетті. Ал мұнан кейін 100 полицей иық тірестіріп, «Ішкі істер органдарына 25 жыл» деген жазуды бейнеледі. Ұлттық ұланның әскери оркестрі қойған концерттік бағдарлама да көптің көңілінен шықты.

Мұрат Құлжабаев, Семей қалалық ІІБ басшысының орынбасары:

- Жаңадан қатарымызға қосылған полицейлер жеке құрам мен халықтың алдында ел мен жерге адал қызмет атқаруға ант берді. Олардың барлығы да азаматтардың құқығын қорғап, қойылған міндеттерді абыроймен атқарады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы