389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жыл басынан бері 32 ата-ана әкімшілік жазаға тартылды

  • 375
  • UPD: 23:50, 22.04.2017
Ақтауда жыл басынан бері 32 ата-ана әкімшілік жазаға тартылды

Ақтаулық полицейлер ойынханалар мен компьютерлік клубтарға бақылауды күшейтті.

Өйткені мұндай орындарға кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер құмар. Ал мектепке кеткен перзентін қас қарайғанша іздемейтін ата-аналар жауапқа тартылуда. Жыл басынан бері 32 ата-ана әкімшілік жазаға тартылып, 35 мың теңгеге дейін айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары түнде көшеде жүрген оқушыны қатарынан екі рет жолықтырса, есепке қоятынын ескертеді.

Эльвира Қасанова, облыстық ІІД ЖПҚ ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

- Ата-аналарға ескертпе қағаздар таратылуда. Оларда оқушының жеке басына қатысты ақпаратты көпке қолжетімді ортада таратуына жол бермеу қажеттігі жазылған. Жеткіншектің тұрғылықты жері мен оқитын мектебін ғаламторда жариялауы өміріне қауіпті.

Хабар 24 телеарнасы