386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы этномәдени бірлестік өкілдері Елбасы мақаласын талқылады

  • 580
  • UPD: 09:17, 23.04.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласын шығысқазақстандық этномәдени бірлестік өкілдері де барынша талқылау үстінде.

Бүгінде өңірде 100-ден аса ұлт өкілі берекелі ғұмыр кешіп жатыр. Олардың барлығы да ұлттық рухты әрбір қазақстандықтың бойына сіңіру маңызды деген пікірде. Бұл үшін Елбасы мақаласын бағдар ету қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты да ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани болмысты сақтау.

Эльдар Төлеубеков, облыстық «Достық үйі-қоғамдық келісім» орталығының басшысы:

- Кәсіпорындарды салып, бекітіп, ашса, мәдени даму да күнделікті жұмыс істеп отыратын нәрсе. Сондықтан, Ассамблеяның 25-сессиясы қарсаңында бекітілген мақаланы талқылап жатырмыз. Ол өте маңызды нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы