389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар агро-өнеркәсіптік кешендердің дамуына айтарлықтай үлес қосуда

  • 509
  • UPD: 21:10, 25.04.2017

«Ғылым - ауыл шаруашылығын алға апаратыны анық, алайда осы тұста бір келісімнің болғаны дұрыс», - дейді Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мамандары.

Келісім қаламақыға қатысты. Ғалымдар агро-өнеркәсіптік кешендердің дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Алайда фермерлер тарапынан қызығушылық кем. Қызықтыруға да құлықсыз. Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген сала мамандары былтыр тек астық дақылдары бойынша үш аймақта 3 жарым млн гектарға отандық сұрыптар себіліп, олардан шаруа қожалықтары гектарына қосымша 3 центнер өнім алғанын алға тартты. Жалпы есептегенде бір миллион тоннадан астам астық орылған. Отандық ғалымдар қазір қазақи қойдың жүнін тиімді пайдалану жолдарын іздестіруде. Дерекке сенсек, Қазақстанда қой саны 18 миллионға жетіпті. Соның көбі қазақи. Жылына 58 мың тонна жүн текке өртеледі.

Асқар Наметов, «ҰАҒБО» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Бұрын жүннен киетін тон, киіз, киім деген болатын, қазір мода синтетикаға көшіп кетті. Сөйтсек, киім жағынан ғана емес, оның басқа да пайдалы жағы бар екен, біз қазір зерттеп тауып отырмыз. Бірнеше жолы бар екен, қазір изоляциялық материал жасауға болады екен, мына жүннің жылуы соншалықты, изовер дейміз, міне соның орнына жасауға мүмкіндік бар екен, екінші шашы оның аяғынан қалған одан жіп шығаруға болады екен. Киіз шығаруға болады екен.

Хабар 24 телеарнасы