388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

  • 399
  • UPD: 12:27, 26.04.2017
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі 7sunews.kz

Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы «Астана қаласының тұрғын алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту. Комсомольский тұрғын алабы, 2-кезек» жобасын іске асыру шеңберінде Қарашаш ана – Ақан сері көшелерінің қиылысында нөсерлі кәріз желісін салу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған орай, ағымдағы жылдың сәуір айының 27-сінен 30-ына дейінгі аралықта аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі, деп жазады astana.gov.kz.

Хабар 24 телеарнасы