386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең Астанада электрлі дабылдар қосылады

  • 526
  • UPD: 18:18, 26.04.2017
Ертең Астанада электрлі дабылдар қосылады blogspot.com

27 сәуірде сағат 09:00-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2 минут бойы телерадиоарналардың сигналын ұстап алумен, электрлі дабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді. Бұл тексеру жоспарлы болып табылады.

Астана қаласының ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырады.

«Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алу қаупі туындаған кезде электрлі дабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді», - дейді мамандар. 

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын («Хабар», «Қазақстан», «Еуразия бірінші арна», «Астана», «КТК»,» НТК» телеарналарын; «Астана FM», «Шалқар», «Ретро FM», «Авторадио», «Қазақ радиосы») қосулары керек, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Хабар 24 телеарнасы