384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі қоғам қайраткері Президент мақаласын әр азамат қолдайтынына сенімді

  • 1031
  • UPD: 00:01, 27.04.2017

Тарихтан түйген тәжірибесіне сүйеніп, рухы мен тілін, ұлттық болмысын жоғалтпаған ел ғана жарқын болашаққа нық қадам басады. «Сондықтан Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты парасат-пайымы терең мақаласында қазіргі қоғамдағы маңызы зор, өзекті мәселені дер кезінде айтып берді»,- дейді елімізге белгілі қоғам қайраткері Амалбек Тшан.

Амалбек Тшан, республикалық спорт колледжінің директоры:

- Біз болашаққа жасаған әрбір қадамның өзінің негізі - біздің өткен өміріміз. Ескі, көне тарихымыз. Рухани ұлт болып қалыптасқандағы байлығымыз. Елбасы соның бәрін негізге ала отырып, біз алға жылжуымыз керектігін айтады. Ол жаңа, бүгінгі форматта болуы тиіс. Қазіргі өркениетті елдердің даму процесінің бәрін өзіміздің ұлттық негізбен байланыстырып, сөйтіп алға жылжу керек. Меніңше, бұл көзқарас біздің әрбір қазақ азаматының көкейкесті, көңілінен шығатын үлкен бір терең пікір және терең ой.

Хабар 24 телеарнасы