389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андреас Ян: Қазақ тілін дәріптеу – заман талабына сай бастама

  • 840
  • UPD: 00:31, 27.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын неміс Бундестагының депутаттары талқылады.

Саясаткер Андреас Янның пікірінше, Қазақстан Президенті мемлекеттің дамуына серпін беретін тың бағдарлама ұсынды.

Андреас Ян, Бундестагтың халықаралық істер Комитетінің парламенттік хатшысы: 

- Қазақстан Президентінің жаңа бағдарламасын қолдаймыз. Қазақ тілін дәріптеу, латын әліпбиіне көшу - заман талабына сай бастама. Латын әліпбиі жастар үшін көп мүмкіндік ашады, әсіресе ақпараттық технологиялар саласында көмегі көп болады. Білім мен ағартуға тиісті көңіл бөліп, алға басу керек деп санаймын. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басы деуге болады. Сондай-ақ мәдениет пен дәстүрді сақтап, тарихты да ұмытпау керек. Астанаға соңғы рет барғанымда Қазақстанның серпінді дамып жатқанын өз көзімен көрдім. Ауқымды жаңғырту жүргізу мақсатын қойған елге табыс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы