389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада заңсыз қалааралық тасымалдаушылармен күрес күшейтілді

  • 373
  • UPD: 09:02, 27.04.2017
Астанада заңсыз қалааралық тасымалдаушылармен күрес күшейтілді photogoroda.com

Астана билігі заңсыз тасымалдаушылармен күресті күшейтті.

Елордалық жолаушылар көлігі басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Астанада заңсыз тасымалдаушылардың көлік құралдарының техникалық жағдайы нашар, басым бөлігі тоқсаныншы жылдардан бері пайдаланылып келеді.

Тексеру жүргізу барысында тасымалдаушыларда көлік құралына техникалық байқау мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру болмай шықты. Сондай-ақ қажет рұқсат құжаттар мен келісулер де табылмады.

Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, әр жүргізуші міндетті түрде рейс алдында медициналық тексеруден өтуге тиіс. Бұл да көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шараларының бірі болып табылады.

Осы орайда Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын заңсыз тасымалдаушы жүргізушілердің қызметін пайдалану қауіпті екенін ескертеді.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы