386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанжығалы Бөгенбай батырдың айбалтасы көрмеге тапсырылды

  • 998
  • UPD: 18:19, 28.04.2017

Аты аңызға айналған Қанжығалы Бөгенбай батырдың айбалтасы көрмеге тапсырылды.

III ғасыр бойы батырдың ұрпақтары қаруды көздің қарашығындай сақтап, жан баласына көрсетпей келген. Жасы 90-нан асқан Фатима Жұмақазықызы атасының құнды жәдігерін сан жылдар сандық түбінде сақтапты. Енді бұл айбалта Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы қарсаңында көрменің төрінен орын алмақ. Тарихшылар мен мұражай қызметкерлері сан ғасыр сақталған тарихи құндылықты қабылдап алды.

Перизат Өтепова, Әскери-тарихи мұражайдың басшысы:

- Әскери-тарихи мұражайымызға Бөгенбай батырдың айбалтасы мен кісе белдігі тиіп отыр. Қазір тарихты осындай жәдігерлер арқылы таниды. Сондықтан да оны өскелең ұрпаққа көрсетіп, жеткізуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы